mod_vvisit_counterБүгін29
mod_vvisit_counterКеше55
mod_vvisit_counterАғымдағы апта247
mod_vvisit_counterӨткен апта285
mod_vvisit_counterАғымдағы ай906
mod_vvisit_counterӨткен ай1479
mod_vvisit_counterБарлығы96758

Онлайн: 3
Сіздің IP: 18.215.161.19
,
Мезгіл: 2019-06-20 13:25
Сіз, Біздің мекеменің жұмыс нәтежесін қалай бағалайсыз?
 

«Экспорт -2020» экспорттауды дамыту және ілгерілету бағдарламасы

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарда үдемелі индустриалдық - инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 29 қарашасындағы 1625 қаулысымен отандық өнімдерді сыртқы рынокқа экспорттаушылардың шығынын орнын толтыру жолы арқылы шығару бойынша мемлекеттік қолдау жасау жағдайлары мен Ережелері бекітілді. («Экспорт 2020» экспорттауды дамыту және ілгерілету Бағдарламасы) (бұдан әрі – Бағдарлама)
Бағдарлама мақсаты экспортқа бейінделген және экономиканың шикізаттық емес жүйесіндегі жұмыс істеуші экспорттаушы –кәсіпорындардың көлемін ұлғайту және қазақстандық өнімдер экспорты географиясын кеңейту үшін кешенді қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлама шағын және орташа кәсіпкерлік отандық компанияларды, жұмыс істеуші және өңдеу жүйесінің мүмкіндігі бар экспортшыларын қолдауға арналған.
Бағдарлама мына бағыттар бойынша іске асырылады:
- экспортшылар шығыны орнын толтыру (оператор - «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ);
- экспортшыларды сервистік қолдау (оператор - «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ);
- саудалық экспорттық операцияларды қаржыландыру (оператор - «ҚазЭкспортГарант» Экспорттық – несиелеу қамсыздандыру корпороциясы» АҚ).
Экспортшылар шығыны орнын толтыру экспортшы кәсіпорындардың сыртқы рынокка отандық өнімдерді шығару кезінде шығыны орнын толтыру жолымен жүргізіледі. Мұндай жағдайда экспортталатын өнім қаржылық орнын толтыру бойынша экспорттық түрлері тізбесіне сәйкес келуі керек.
Экспортшылар шығыны түрлерінің орнын толтыруға мыналар жатады.
- шетелдерде өнімдерді және тауарлық белгілерді тіркеу;
- шетелдерде өнімдерді сертификациялау;
- шетелдерде өкілдіктерді ұстау (кеңсе, қоймалар, сауда нүктелері), жалдау мен коммуналдық қызметтерді қосқанда;
- шетелдерде отандық өнімдерді жарнамалау;
- шетелдердегі көрмелерге қатысу (көрме алаңдарын жалдау, жаймаларды дайындау, тіркеле жарнасы, үлестіру материалдары);
- шетелдерде мамандарды оқыту немесе шетелдік сарапшыны қазақстандық өндіріске тарту.
Аталған бағдарлама аясында экспорттаушыға негізделген және құжатталған шығындардың 50 пайызы көлемінде шығындардың бір не бірнеше түрінің орны толтырылуы мүмкін.
Экспорттаушы шығындар орнын толтыруға тапсырыс және экспортты, шығындарды айғақтайтын құжаттар беруі керек.
Мәселен, егер экспорттаушы шетелде кеңсені жалдаған үшін шығын орын толтыруға өтініш берсе, онда экспорттаушының шығынын айғақтайтын құжаттар ретінде кеңсені жалдау, төлем қағаздары көрсетілуі қажет. Сонымен бірге сол елге экспорт барын айғақтайтын құжаттар көрсетілуі керек.
Экспорттаушыларды сервистік қолдау - бұл сыртқыэкономикалық қызметте ШОБ – ті дамыту мен қолдауға бағытталған кешенді қызмет көрсету саналады.
Отандық кәсіпорындарды сервистік қолдау аясында мынадай қызметтер көрсетіледі:
- экспорттық рыноктар бойынша маркетингтік және сараптамалық қолдау;
- импорттаушы елдердің рыноктық ахуалы туралы саудалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлерді экспорттық қызмет мәселелері бойынша оқыту;
- шетелдік сатып алушылдарды қазақстандық өнімдер туралы хабардар ету;
- қазақстандық өндірісшілердің тауар белгілерін қозғау бойынша тұсаукесерлік шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- Қазақстанда, сондай-ақ, шетелде сауда-экономикалық миссияларды, форумдарды қалыптастыру;
- қазақстандық өнімдерді тұтынушылардлы іздестіру.
Серваистік қызметтің қолдауын экономиканың өңдеу жүйесіндегі қазақстандық өндірісшілер, өз өнімдерін экспорттаушылар, сондай-ақ шетелдік рынокқа шығуды жобалаушы кәсіпорындар пайдалана алады.
Саудалық экспорттық операциялар Бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдауға жатады.
- қаржыландыру экспорттық бекет беру;
- сыртқыэкономикалық келісімдегі жақтар арасында міндеттерді орындау бойынша коммерциялық және саяси тәуекелдікті қамсыздандыру.
Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау экспортқа бірінші шығушыларға, экспорт географиясын кеңейтушілерге , жаңа өнімдерді өткізушілерге (әсіресе, инновациялық) қаржыдық көмек берумен көрсетіледі.
Шағын және орта бизнес нысандары болып табылатын экспорттаушы кәсіпорындарға басымдық беріледі.
Кәсіпорынның шетелдік тұтынушымен өнімді өткізу бойынша төлемді жартылай немесе толық шегере тұруға келісімі болуы керек. Жүкті жөнелткеннен кейін кәсіпорын қызмет көрсетуші банкіге жүк құжаттарын тапсырады. Банк жөнелтілген жүк көлемінде экспорттаушы есебіне «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік қамсыздандыру корпороциясы» АҚ депозиті есебінен ақшалай қаржы аударады. Сонан соң экспорттаушы мен импорттаушы банкісі арасында несиелік қатынас күшіне енеді. Сөйтіп «ҚавзэкспортГарант» банкінің қатысуымен экспорттық саудалық қаржыландыру механизмін пайдалану арқылы қазақстандық өнімді сатып алушыны несиелендіруді жүргізеді.
Несиелеу мерзімі - 1 жылға дейін.
Несие сомасы – АҚШ 1 миллион долларына дейін.
Қолдаудың көрсетілген механизмі бойынша, қазақстандық өнімдерді сатып алушылар үшін қаржыландыру құнын атаған жөн (яғни импорттаушы) - соңғы сатып алушы үшін несие ставкасы (импорттаушы) АҚШ долларымен жылдық 6 пайыздан 11 пайызға дейін дәлізде құбылмалы болады. Мұндай айырмашылық қамсыздандыру бойынша тарифіне негізделеді. Ол қаржыландыру құнына енеді және тәуекелді елдер бойынша шкаласымен айрылады. Мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері бойынша қамсыздандыру тарифі жылдық 3 пайыздан артық болуы мүмкін. Экспорттаушы есеп айырысу есебіне кіріс жүк тиелгеннен кейін түсетіндігі ескерілгенде біздің кәсіпорындар үшін бәсекелестік баға саясатын қалыптастыру бойынша қолайлы жағдай жасалады.
Аталған Бағдарламаның үлкен басымдылығы,қазақстандық өнімді Экспорттаушы мен Импорттаушыға өз банкілерінде қызмет көрсетіледі, онда олардың белгілі несиелік тарихы, бағаланған кепілдік және қаржылық жағдайы, сонымен бірге барлық есеп айырысу мен валюталық есептері бойынша айналымы бар. Осыған байланысты ҚазЭкспортГарант банкілермен олардың деңгейі АҚШ долларының жылдық 2 пайызын құрайтын жағдайын қарастырады.
Осы бағдарлама бойынша экспорттаушы кәсіпорынға қолдау көрсетілу үшін бірінші кезекте «ҚазЭкспортГарант» экспорт-несие қамсыздандыру корпороциясы» АҚ – нан көмек сұрауға болады. Ол сатып алушы несиесін қаржыландыру үшін экспорттаушыға қызмет ететін банкіге депозиттік шарт бекітуге байланысқа шығады. Өазірші таңда Қазкоммерцбанк, БанкТұранӘлем, БанкЦентрКредит және Альянсбанк осы бағдарлама бойынша ҚазЭкспортГарантпен қарым-қатынас орнатуға дайындықтарын білдіріп отыр. ҚазэкспортГарант экспорттаушы кәсіпорындарға қаржылық көмек жасайтындығы жөнінде хат республиканың екінші деңгейдегі барлық банкілеріне жіберілді.
Мынадай жағдайларда көмек көрсетілмеуі мүмкін:
- импортшы банкінің қазақстандық экспорттаушы пайдасына аккредитив ашуға келісімі болмаса;
- импортшы банкінің қаржылық жағдайы болымсыз болса;
- егер мұнай мен газ экспортталса.
Аккредитив талабына сәйкес келетін жүк тиеу құжаттары берілуден бастап кәсіпорын есеп шотына экспорт кірісі 5 жұмыс күніне дейін түсуі қажет.
ҚазЭкспортГарант «Экспорттық несиелерді және инвестицияларды қамсыздандыру бойынша мемлекеттік қамсыздандыру корпороциясы» АҚ негізінде құрылған. Оған экспортты ілгерілетуге шаралар белгілеу жүктелген. МҚК бұрын сыртқы экономикалық келісімдер бойынша шикізатсыз жүйе экспорттаушыларын тек коммерциялық және саяси тәуекелділік бойынша қызмет көрсетіп келді. Шетелдердегі осындай ұйымдардың қызмет тәжірбиесіне сәйкес МҚК қазақстандық өнімді сатып алушылар сұранысын қолдау мен ынталандыру мақсатында оларды несиелендіру бойынша механизм ұсынды. Сондай-ақ өнімдер географиясын кеңейту қарастырылған. МҚК ұсынысы ҮИИДБ енді және 2010 жылы республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бірінші транш бөлінді. 2015 жылға дейін қызметтің бұл жаңа бағытын дамыту үшін кезең-кезеңімен тағы 18 миллиард теңге бөлу жобаланып отыр.
Орын толтыруға жататын шығында түрі тізбесі, «Экспорт 2020» экспортты дамыту және ілгерілету Бағдарламасына қатысуға өтінім құжаттар туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін мынадай байланыстар бойынша шшығуды өтінеміз;
1. Қарағанды облыстық кәсіпкерлік және өнеркісіп Басқармасының сыртқыэкономикалық байланыстар мен инвестициялар бөлімі, т/ф.: 8 (7212) 42 57 40;
2. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттік» АҚ экспорттық кепілдіктер департаменті, 8 (7172) 79 93 93 (ішкі байланыс 1010, 1044, 1054). Сонымен бірге «экспорттаушыларды қаржылай қолдау» туралы ақпарат www.kaznex.kz сайтында орналасқан;
3. «ҚазЭкспортГарант» экспорттау-несиелеу қамсыздандыру корпорйиясы» АҚ, тел: 8 (727) 250 00 20; тел/факс: 293 88 37, www.keg.kz.