mod_vvisit_counterБүгін19
mod_vvisit_counterКеше40
mod_vvisit_counterАғымдағы апта101
mod_vvisit_counterӨткен апта281
mod_vvisit_counterАғымдағы ай494
mod_vvisit_counterӨткен ай1713
mod_vvisit_counterБарлығы104058

Онлайн: 3
Сіздің IP: 35.171.45.91
,
Мезгіл: 2019-11-13 06:12
Сіз, Біздің мекеменің жұмыс нәтежесін қалай бағалайсыз?
 

Екінші деңгейлі банктердің несиелері бойынша ішінара кепілдеме алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

21. Оң шешім қабылданған жағдайда банк  ішкі кредиттік саясатты іске асырушы банктің  уәкілетті органымен шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде қаржылық агенттікке:

1) кепілдеме сомасын есептеумен несие беру мүмкіндіктері туралы оң шешім қабылданғандығы туралы хатты;

2) Кепілдеме беру туралы мәселені қарастыру үшін осы  ішінара кепілдеме  беру Қағидасының 1-қосымшасына  сәйкес тізбе бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.

22.Қаржылық агенттік банктен құжаттарды алған соң  10 (он) жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттарды қарастырады және кепілдеме беру/бермеу жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылық агенттіктің уәкілетті органына жолдайды.

23.Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер болған және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, қаржылық агенттік анықталған ескертулер мен (немесе) ақпарат ұсыну туралы сұрау салуды жою және (немесе) 3 (үш) жұмыс күн ішінде ақпарат ұсыну үшін банкке және МҚҰ-ға жібереді. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген  құжаттарды қарастыру мерзімі қаржылық агенттік үшін жаңартылады.

24.Қаржылық агенттік кепілдеме беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржылық агенттік 2 (екі)  жұмыс күн ішінде  ішінара кепілдеме  беру Қағидасының 2-қосымшасына  сәйкес нысанда кепілдеме беру мүмкіндігі туралы шешіммен банкқа алдын ала кепілдімі хат жолдайды.

Несие бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда МҚҰ, қаржылық агенттік теріс шешім қабылдау себептерін көрсете отырып кепілдеме беру мүмкін еместігі  туралы хат жолдайды.

25.  Алдын ала кепілдімі хатты алған соң банк пен МҚҰ 5 (бес) жұмыс күн ішінде банктік қарыз шартын жасайды. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржылық агенттікке жолданады.

26. Қаржылық агенттік банктік қарыз шартының көшірмесін алған соң  5 (бес) жұмыс күн ішінде кепілдеме шартын жасап, қол қойып, банкке жолдайды. МҚҰ кепілдеме шартына қол қойылғанға дейін қаржылық агенттіктің ағымдық шотына кепілдеме бергені үшін  комиссия аударады.