mod_vvisit_counterБүгін13
mod_vvisit_counterКеше36
mod_vvisit_counterАғымдағы апта49
mod_vvisit_counterӨткен апта482
mod_vvisit_counterАғымдағы ай926
mod_vvisit_counterӨткен ай1702
mod_vvisit_counterБарлығы102747

Онлайн: 2
Сіздің IP: 3.228.24.192
,
Мезгіл: 2019-10-14 05:31
Сіз, Біздің мекеменің жұмыс нәтежесін қалай бағалайсыз?
 

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсын өткізу туралы хабарландыру

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 111 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

E-1 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда ;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес.

E-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-R-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңіргеніне байланысты жылдары

 

min

mах

E-1

150740,56

203208,28

E-R-1

142412,36

192381,61

E-R-3

106267,94

142912,05

E-G-3

90944,03

122341,37

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек , Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары, санаты E-1 индекс Р-8, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қаланың және ауылдық аймақтың тұрғын үй - коммуналдық саласын шұғыл басқару мәселелері. Қаланың және ауылдық аймақтың сәулеттік келбетін дамыту және жаңғырту, жолдарын ұстау мен салу, қала мен ауылдық аймақты көріктендіру және санитарлық жағдайы  мәселелері. Тұрғын үй саясатын іске асыру. Қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселелері. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру. Жерге орналастыру мәселелері.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе маркшейдер ісі); қызметтер (жерге орналастыру және/немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); заң (заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); өнер (сәулет және/немесе мүсін және/немесе дизайн)).

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы, Е-R-1 санаты, индексі № 02-10-01, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің қызметін үйлестіру және басшылық ету; шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларына ықпалдасу және іске асыру; қаланың туристік саласын дамыту бойынша әрекеттерді үйлестіру; туристік қызметтегі субъектілерге олардың қызметін ұйымдастырумен байланысты мәселелерде әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету; нарықтық экономиканың талабына сүйене отырып шағын және орта кәсіпкерліктің, сауда желісінің және халыққа қызмет көрсету саласының өңірлік инфрақұрылымын дамытуға ықпалдастық жасайды; сауда кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсетудің қызметтерін үйлестіру. Нарық конъюнктурасы мен тұтыну бағаларының динамикасын жүйелі зерделеу, кәсіпкерлікті және тұтынушы тауарлар мен қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік туғызатын ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы шараларды әзірлеу және жүзеге асыру. Азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу; бөлімнің құзыреті шегінде өтініштерді қарау; жедел және ағымдағы сұрақтар бойынша бұйрықтар шығару; бюджеттік қаржының тиімді игерілуіне және мемлекеттік сатып алуларды өткізуге бақылауды жүзеге асыру, сектор меңгерушісінің және бөлім мамандарының міндеттерін, өкілеттіктерін анықтау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (білім саласында, құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында, жаратылыстану ғылымдар саласында; қызмет көрсету саласында).

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру  секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, индексі № 02-06-01-2, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: білім  саласындағы мемлекеттік, облыстық, қалалық  бағдарламаларды жүзеге асыруда ықпал етеді. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру секторының  жұмысына жалпы бақылау жасайды. Өз құзыреттілігіне сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың, қала әкімінің шешімдерін орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді. Жалпыға міндетті оқу мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға  талдау материалдарын дайындау, статистикалық есеп, есеп жүргізу және құжаттар дайындауды іске асырады. Қала және ауыл мектептерінде оқушылар құрамының есебін жүргізеді. Мониторингті іске асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (білім беру саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласында).

4. «Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты (№03-03-01-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: қала және ауылдық әкімінің тапсырма, өкім, шешім орындауын бақылау жасау.  «Сайлау» АСЖ дерекқор есебін жүргізеді, аймақ сайлаушылардың тізімін  жаңа дерекқор бойынша саралап, есеп жүргізеді. Кадрлық жұмысын жүргізу. Жеке құрамы бойынша өкім  әзірлеу. Мемлекеттік қызмет көрсетеді. Іс номенклатурасын қалыптастырады. Шаруашылық кітаптарды есепке алу және жүргізу. Ауыл шараушылығы бойынша есепке алу және жүргізу. Халықтың есебі. Ауыл аумағы әлеуметтік-экономикалық даму паспортын  жасайды. Қадағалайтын сұрақтары бойынша уақытылы есеп дайындалуын және белгілінген мерзімде берілуін қамтамасыз етеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына (әрі-қарай – Ереже) сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен өзгерістерін ескере отырып).

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысандағы өтініш;

2) құжаттарды ұсынғанға дейін кемінде отыз күнтізбелік күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.  Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамассыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар қатыстырылуына жол беріледі.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірбиесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________ өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________
______________________________________________________________________________________________

____________                                                                         _____________________________

қолы                                                                                        (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___» ________________ 20__ж.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК ГОСУДАРСТВЕННОГО
СЛУЖАЩЕГО
I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

 

фото
3х4

 

__________________________________________
__________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
__________________________________________
__________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, санаты/
место работы, должность, категория)
___________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный
идентификационный номер)

Туылған күні (күнi, айы, жылы)/
Дата рождения (число, месяц, год)



Туылған жерi/Место рождения



Ұлты/Национальность*



Бiлiмi/Образование



Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/
Квалификация по специальности



Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Ученая степень, ученое звание (при наличии)



Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками



Дипломатиялық дәрежесi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг (при наличии)



Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi, біліктілік сыныбы (беру күні) (болған жағдайда)/
Воинское, специальное звание, классный чин, квалификационный класс (дата присвоения) (при наличии)



Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



Арнайы тексеру нәтижелерi/
Результаты специальной проверки



Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi/
Дата принесения присяги государственным служащим



Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет/
Сведения о дисциплинарных взысканиях



Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (қолданылған және орындалған күні)/
Сведения о наложении административного взыскания за совершение коррупционного правонарушения (дата наложения и исполнения)



Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (тәртiптiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы)/
Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу (о совершении коррупционного дисциплинарного правонарушения)



Мемлекеттік қызметшінің жұмысын бағалау нәтижелері туралы мәлімет (күні және бағасы)/
Сведения о результатах оценки деятельности государственного служащего (дата и оценка)



Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi/
Дата и результаты аттестации



Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні/
Дата прохождения курсов переподготовки (переквалификации) и повышения квалификации



* қалауы бойынша толтырылады/заполняется по желанию

Мөрдің орны
Место печати

 

II. ЕҢБЕК ЖОЛЫ
ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/ Дата

Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жерi/
Должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения





















Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы/
Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество
(при наличии))

Қолы __________________ _______ жыл «__» _____________ айы
Подпись ________________ «__» ____________ месяц ________ год

Мөрдің орны
Место печати

III. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ МІНЕЗДЕМЕ/
ХАРАКТЕРИСТИКА НА ГОСУДАРСТВЕННОГО СЛУЖАЩЕГО
(мемлекеттік қызметші басқа лауазымға ауысқан жағдайда
мемлекеттік қызметшінің басшысы толтырады/
заполняется руководителем государственного служащего в
случаях перевода государственного служащего
на другую должность)

Мінездеме/
Характеристика

Баллдар/
Баллы

Қызмет этикасын сақтауы/
Соблюдение служебной этики



Жауапкершілігі және орындаушылығы/
Ответственность и исполнительность



Бастамашылығы/
Инициативность



Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті/
Лидерские качества и способность организовать работу **



Мемлекеттік тілді білуі/
Знание государственного языка



Адамдармен тіл табысуы және командада жұмыс істей білуі/
Коммуникативность и умение работать в команде



Мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын басқа да мәліметтер/
Другие сведения, характеризующие государственного служащего



** басшы лауазымдағы адамдар үшін/
для лиц, занимающих руководящие должности
Мөрдің орны
Место печати

Мемлекеттік қызметшінің басшысы/
Руководитель государственного служащего:
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество
(при наличии))

Лауазымы/Должность __________________________________________________
Қолы/Подпись ________________________________________________________
Күні/Дата ___________________________________________________________

Мінездемемен таныстырылды/
С характеристикой ознакомлен (а):
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество
(при наличии))

Қолы/Подпись ________________________________________________________
Күні/Дата ___________________________________________________________

Мінездемемен келіспеген жағдайда негіздеме/
Обоснование в случае несогласия с характеристикой: __________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы/
Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество
(при наличии))

Мөрдің орны
Место печати