mod_vvisit_counterБүгін8
mod_vvisit_counterКеше36
mod_vvisit_counterАғымдағы апта44
mod_vvisit_counterӨткен апта482
mod_vvisit_counterАғымдағы ай921
mod_vvisit_counterӨткен ай1702
mod_vvisit_counterБарлығы102742

Онлайн: 2
Сіздің IP: 3.228.24.192
,
Мезгіл: 2019-10-14 04:32
Сіз, Біздің мекеменің жұмыс нәтежесін қалай бағалайсыз?
 

Бос жұмыс орыны

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, М. Жүсіп көшесі, 27-үй, конкурстық комиссия, анықтама телефоны/ факс: 34-02-35, 34-20-01, электрондық пошта: gu_pred@mail.ru

Сектор менгерушісі (санаты ЕR-3) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналастыруға ашық конкурс жариялайды.

Лауазымдық жалақысы қызмет  өтіліне байланысты 78157 теңгеден 99938 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Сектор мамандарының қызметін үйлестіру; шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларына ықпалдасу және жүзеге асыру; аумақта кәсіпкерлікті дамыту Картасының немесе кәсіпкерлікті дамыту басымды бағыттарының сәйкестігі туралы не дәлелді бас тарту қорытындысын беру; шағын және орта кәсіпкерліктің, нарықтық экономиканың талабына сүйене отырып сауда жүйесінде және халыққа қызмет көрсету саласында аумақтық инфрақұрылымын дамытуға ықпалдасады; тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, сауда кәсіпорындарының қызметтеріне үйлестіру жасау; нарық конъюктурасы мен тұтыну бағаларының динамикасын жүйелі зерделеу, сауда және қызмет көрсету саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ақпаратын жинақтау және талдау жүгізу; кәспкерлікті дамытуға және тұтынушы тауарларының, қызмет көрсету нарығында бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттамадағы  шаралар  әзірлеу және іске асыру; азамматарды жеке қабылдау жүргізу және бөлімнің құзыретіне сәйкес өтініштерді қарастыру; бюджеттік бөлінген қаржыны тиімді іске асыру бақылауын жүргізу; мемлекеттік сатып алуда, шарт жасауда бақылау жүргізу және оның орындалуына бақылау жүргізілу;

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі – жоғары (қаржылық, экономикалық, заңгерлік, мемлекеттік басқару, педагогикалық, техникалық) мемлекеттік қызметте бір жарым жылдан кем емес, немесе  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес. Жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрларды даярлау жөнiндегі Республикалық комиссиямен бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, ғылыми дәрежесі бар болуы.

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»,  «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының  конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан-2050» стратегиясын білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) 3х4 көлеміндегі суретпен белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Әңгімелесуге өткен үміткерлер оны «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде үміткерлер әңгімелесуге өткендігі туралы хабарландырылған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде өтеді.

Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі және беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктіліктерін көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және т.б. көшірмелері) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Азаматтар құжаттарды қабылдау мерзімінде құжат тігілетін папкаға салынған құжаттарын жеке қолға немесе пошта арқылы ұсынады.

Азаматтар құжаттарын электронды түрде хабарландыруда көрсетілген электронды поштаға жолдай алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын электронды поштамен жіберген азаматтар құжаттарының түпнұсқаларын әңгімелесу басталмас бұрын бір жұмыс күнінің ішінде кешіктірмей тапсырады.

Құжаттардың түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда, тұлғаны әңгімелесуге өткізуге рұқсат етілмейді.