Құрметті кәсіпкерлер!

2015 жылдың 7 қазанында Павлодар қаласында С. Торайғыров атындағы ПМУ-де Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму жөніндегі министрі А. Исекешевтің қатысуымен өңірлердің инвестициялық әлеуетін жаңа экономикалық жағдайларда іске асыру мәселесі бойынша «ERTYS INVEST-2015» Халықаралық инвестициялық форумы өтеді.

Форум шеңберінде пленарлық отырысын, Павлодар облысы тауар өндірушілерінің көрмелерін өткізу және Павлодар облысының ірі жүйе түзуші кәсіпорындары, тауар өндірушілері мен Республиканың ұлттық компаниялары арасында меморандумдар мен келісімшарттарға қол қою бойынша Жұмыс кездесулерін өткізу жоспарланған.

Сіздерді аталған Форумға қатысуға шақырамыз және инвестициялар сомасы, іске асыру кезеңі, жұмыс орындар құру, сонымен қатар, нақты жоба қуаттылығы көрсетілген слайдтарды ұсынуды сұраймыз.

Қатысуға ниет білдірген жағдайда, Сізден 8-7187-34-08-69, 34-20-01 телефондары бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не  хабарласуыңызды сұраймыз.