mod_vvisit_counterБүгін7
mod_vvisit_counterКеше47
mod_vvisit_counterАғымдағы апта198
mod_vvisit_counterӨткен апта475
mod_vvisit_counterАғымдағы ай977
mod_vvisit_counterӨткен ай1305
mod_vvisit_counterБарлығы98106

Онлайн: 3
Сіздің IP: 35.153.73.72
,
Мезгіл: 2019-07-20 07:26
Сіз, Біздің мекеменің жұмыс нәтежесін қалай бағалайсыз?
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі жадынама

Пара берме, алма

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

МАЗМҰНЫ

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

 Көбірек ақпарат...

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 Қаулысы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңының 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келiсiм бойынша) осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                       К. Мәсімов

 Көбірек ақпарат...

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат).

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 Көбірек ақпарат...