mod_vvisit_counterБүгін26
mod_vvisit_counterКеше47
mod_vvisit_counterАғымдағы апта73
mod_vvisit_counterӨткен апта568
mod_vvisit_counterАғымдағы ай73
mod_vvisit_counterӨткен ай2233
mod_vvisit_counterБарлығы117377

Онлайн: 1
Сіздің IP: 34.231.21.83
,
Мезгіл: 2020-06-02 11:30
Сіз, Біздің мекеменің жұмыс нәтежесін қалай бағалайсыз?
 

«2018 жылдың 4 айы ішінде салық салынатын базаны ұлғайту және қосымша түсімдерді іздестіру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» ақпарат

Жергілікті бюджетке салықтардың түсуі

2018 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыруға 1 896,3 млн. теңге  (облысқа) бөлінді, соның ішінде:

- несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға-  1 807,3 млн. теңге;

- несиелер бойынша  кепілдемелер ұсыну-  46,0 млн. теңге;

- гранттық қаржыландыру-   43,0 млн. теңге

несиелер бойынша кепілдемелерге жалпы сомасы 7 млн. 374 мың 756 теңгеге 2 жоба мақұлданды:

1. «Техцентр Аверс» ЖШС– 2 млн.949 мың 902 теңге;

2. «Техцентр Аверс»ЖШС – 4 млн.424 мың 854 теңге.

гранттық қаржыландыру бойынша 3,0 млн. теңге сомаға ЭКО материалдардан автотыстық пен жамылғылар өндіретін «Каз-Вита-Капитал» ЖШС А. Т. Умербековаға 1 жоба мақұлданды.

жеткіліксіз өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды өткізуге 754,8 млн.теңге сомаға « KazTomat» ЖШС 1 жоба мақұлданды.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы қорытынды бойынша кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік бюджетке  7 млрд. 727 млн. 983 мың теңге салық төлеген. Өткен жылдың  ұқсас кезеңімен салыстырғанда  салықтық түсімдер 8,9% артқан немесе  687 млн. 629 теңгеге артық түскен (7 млрд. 040 млн. 354 мың тенге).

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметіне сәйкес 4 ай ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде қатысушылар бюджетке 11 млн. 269 мың 984 теңге салық төлеген  ( «Техцентр Аверс»ЖШС - 11 207 984 теңге,  «Каз-Вита-Капитал»ЖШС - 62 000 теңге),сонымен қатар, берілген ақша қаражатының көлемі 10 млн. 374 мың 756 теңге.

Төленген салық көлемі берілген ақша қаражатының көлемінен 895 мың 228 теңгеге артық ( «Техцентр Аверс»ЖШС - 11 207 984 теңге,  «Каз-Вита-Капитал»ЖШС - 62 000 теңге),бұл бюджет қаражатын қайтару  коэффициентінің жоғары екенін көрсетіп отыр.

Анықтама: «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылы  қатысушылар бюджетке 2 млрд. 436  млн.620 мың 700 теңге салық төлеген,   берілген ақша қаражатының көлемі 7,1 млрд.теңгені құраған.